Еліміздің бірнеше өңірінде алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.
Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Астана мен тағы бес облыста ескерту жарияланды.
Күндіз 5-7 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40 градус өте қатты ыстық сақталады.
Күндіз 6-7 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 6-7 шілдеде Ақмола облысында 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Астанада күндіз 7 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Сондай-ақ, 7 шілдеде Қызылорда облысында 42-43 градусқа дейін ыстық болатыны айтылады. Қостанай облысында 4-5 шілдеде желдің жылдамдығы сағатына 15-20 метрге дейін күшейіп, кейбір жерлерде жауын жауады.
Дереккөз: Tengrinews.kz