$ 494.87  520.65  4.91

«7-20-25» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Бағдарламаны серіктес 7 банк іске асырады. Қазірдің өзінде баспана алуға 3 мың өтініш түскен.

Бағдарламаға тұрақты жалақысы бар, жеке баспанасы мен ипотекалық несиесі жоқ кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Ал несие алу үшін серіктес банктің біріне барып қажетті құжат тапсыру қажет. Егер банк келісім берсе, баспана бағасының 20 пайыз бастапқы жарнасы төленуі тиіс. Тек сол жағдайда ғана несиені жылына 7 пайызбен 25 жылға беру жөнінде келісімшарт жасалады. Мамандар Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында ең жоғары ипотекалық несие 25 млн теңгеге дейін, қалған қалаларда 15 миллион теңгеге дейін берілетіндігін айтты. Ал бағдарлама бойынша екінші деңгейлі банктерді «Баспана» ипотекалық компаниясы қаржыландырады.

"Несие алу үшін өздеріңізге үй таңдағаннан кейін банкке барып керекті құжаттарды тапсыру қажет. Елбасының тапсырмасы бойынша 1 трлн теңге несие беру жоспарланып отыр. Бізде қазіргі уақытта ресми сайтымыз жұмыс жасап жатыр. Және Алматы қаласындағы 22-20-25 колл-орталығымызға хабарласуға болады", - деді «Баспана ИК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Дереккөз: 24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары