Атырау облысындағы «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды деп жазады ҚазАқпарат.
Атырау облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 7.00-де «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолының 788 шақырымында 27 жастағы Өзбекстан азаматы мінген «Лада Ларгус» маркалы автокөлігі аударылды.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, бірнеше адам ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-шы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғап, алдын ала тергеуді бастады.
ҚІЖК-нің 201 бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.