#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Астана күні құрметіне 20 метрлік құрақ көрпе тігілді

Алматыда Астана күніне тарту ретінде 20 метрлік құрақ көрпе тігілді. Мерекелік шара Орталық мәдениет және демалыс саябағында аталып өтті деп жазады ҚазАқпарат.

Алматыда «Наурыз-2018» мерекесі аясында қолға алынған ең ұзын құрақ көрпе тігу жұмысы бүгінгі шарада жалғасын тапты. Медеу ауданының «Әжелер» ансамблі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап  құрақ көрпе тігуден шеберлік сабағын өткізді. 

Мегаполисте «Гинесстің рекордтар кітабына» ену үшін ұзындығы 25 500 шаршы  метр көрпе тігу жоспарланған. Соның үлесі ретінде Астана күніне орай көрпенің 20 метрлік бөлігі бүгін тігілді. Шара аясында қолөнер мен сәндік қолданбалы өнер жәрмеңкесі өтті. Мереке Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Ал саябақтың кішкентай қонақтарына Астананың қонақжай көрінісінен хабар беретін экскурсия өткізілді. Сондай-ақ олар сурет салудан өзара сайысқа түсті.

Мерекелік шараға ұйытқы болған Медеу ауданы әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, Астана күні атаулы күндер арасынан  лайықты орнын алған.

«Астана күні - халық үшін тарихи-мәдени мәні зор мереке. Жас қаламыз республикамыздың осы күнге дейін жеткен жетістігінің символы. Бұл күннің мемлекеттік мереке болып бекітілуі өте әділетті. Жас Астанамызбен мақтанамыз. Бұған Елбасымыздың сіңірген еңбегі мол»,-деді Алматы қаласы  Медеу ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Жанна Досанова.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары