$ 443.44  480.51  4.88

Жамбасы тілінген: Ақтауда саунада массаж жасайтын ер адам мен 2 бойжеткен пышақтасып қалды

Ақтауда массаж жасайтын 61 жастағы ер адам мен сунаға түсуге келген 2 қыз пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді деп жазады Lada.kz.

Массажист пен қыздар арасында жанжал шыққан. Ер адамның беті, сол қолының білегі мен жамбасы тілінген. Қыздардың да екі білегі мен жамбасы тілінген.

28 жастағы бойжеткеннің біріне операция жасалған. Дәрігерлер қызды қазір жансақтау бөлімінен хирургияға ауыстырғалы жатыр. Жағдайы тұрақты.

Маңғыстау облысының ІІД өкілдері оқиғағаның мән-жайын кейін айтып беруге уәде етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары