#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Елді шулатқан Алматыдағы алып тиін 23 миллион теңге тұрады (ВИДЕО)

Алматыдағы Атакент көрме орталығының қақ алдында орнатылған алып тиінға қанша қаражат жұмсалғаны белгілі болды. Бүгін Алматы қаласында бой көтерген 12 метрлік мүсіннің тұсаукесері өтті деп хабарлайды Sputniknews.kz.

«Тиінді жасауға 23 миллион теңге қаражат жұмсалды. Яғни, 66,5 мың доллардан асады. Оның 15 миллионын мемлекет, ал қалған 8 миллионды Funk төледі», – деп хабарлады Funk шығармашылық агенттігінің басшысы Майра Исмаилова.

Оның айтуынша, шығынды агенттік пен қалалық бюджет бөліп төлеген.

Ал, барлық 16 өнер нысанының құны 78 млн теңгені құрайды.

«Біз дайын үлгілерді алмай, жергілікті дизайнерлер арасында конкурс өткізгенімізге қуаныштымыз», – деді Мәдениет басқарма басшысының орынбасары Найля Мулюкова.

Сонымен қатар, алматылықтарды таңғалдырған мүсінді жасаушы авторларының бірі Мариус Янсен Ван Вуурен тиінді жасауға қанша сабан мен металл жұмсалғанын айта кетті.

«Мүсіннің жалпы биіктігі шамамен 12 метрді құрайды. Біз оны құрастыру үшін 7 тонна металл, 3,5-4 тонна ағаш жұмсадық. Сондай-ақ, дәл осы мөлшерде сабан кетті. Бұрандама, торлар барлығы 12- 13 тоннаны құрайды», – деді ол.

Жасаушылардың айтуынша, тиін шамамен тоғыз ай тұрады.

«Оған не болатынын көрейік. Ол барлық жануарлар сияқты өзгереді», – дейді британдық суретші, өнер объектісін жасаушы Алекс Ринслер.

Авторлардың пікірінше, сабаннан жасалған тиін қоршаған ортаға әсер етеді. Сондай-ақ, қазақстандық рекордтар кітабының өкілі бұл мүсінді елдегі ең үлкен туынды ретінде тіркеді. Ал, мүсінді жасаушы автор неліктен тиіннің бейнесін таңдағанын түсіндірді. Ол қаланы зерттеп шыққаннан кейін, тиін Алматы мен оның тұрғындарының символы болып табылады деген шешімге келген.

«Тиін – саябақтар мен скверлерде тіршілік ететін біздің көршіміз. Олар біз сияқты қала өміріне бейімделген. Сондай-ақ, біз секілді олар да қоршаған ортада аман қалып, өмір сүру үшін ресурстарға мұқтаж», – деп түсіндірді Ринслер.

Жаңғақ ұстаған тиін сабан мен ағаштан жасалғандықтан кез келген уақытта өртеніп кетуі мүмкін. Сол себепті, жоба авторлары мүсінге отқа төтеп беретін сұйықтық шашпақшы. Алайда, оның да пайдасы шамалы. Өрт мәселесі назардан тыс қалмады деп сендірген жеке компания қызыл жалынға қарсы заманауи қондырғыларды тиінге орнатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, нысанды бақылау үшін камера қоймақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #тиін