Петропавл әуежайының жұмысы бұзушылықтардң анықтауына байланысты уақытша тоқтатылды, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұқтыбаев.
2015 жылғы 18-20 шілдеде Азаматтық авиация комитеті Петропавл қаласының әуежайын сертификат талаптарына сәйкестігін тексеруді жүргізді.
"Сертификаттық тексеру нәтижесі бойынша бірқатар бұзушылық анықталды, олардың ішінде әуежайды пайдалану кезінде қауіпсіз ұшуға әсер ететін екі елеулі бұзушылық бар: өрт қауіпсіздігі талаптарының нормаларына сәйкес келмеуі; жанармай-ажағармай материалдарын сақтау қағидаларына нормаларына сәйкес келмеуі", — деді Мұқтыбаев.
Осылайша, 2015 жылғы 20 шілдеде Комиссия Петропавл қаласының әуежайына көрсетілген бұзушылықтар жойылғанға дейін жарамдылық сертификатын беруден бас тарту туралы шешім қабылдады.