$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда 21 жастағы келіншекке туыстары іздеу жариялады

Қырмызы Енепияеваны 10 маусым күні соңғы рет 30-шағынауданындағы базардың маңынан көрген. Бұл жайында келіншектің туыстары айтты деп жазады Lada.kz.

Анықталғандай, Қырмызы Сары-базардан кешкі сағат 18.00-де шығып, үйіне қарай такси ұстаған екен. Содан кейін қайда кеткені белгісіз.

«Таксиге отырғанында ол күйеуіне үйге бара жатқанын айтқан. Бірақ сол күні де және келесі күні де келмеген. Біз бірден полиция бөлімшесіне хабарладық. Ақтаулықтардан Қырмызыны іздеп табуға көмектесулерін сұраймыз», – дейді жоғалған келіншектің әпкесі Лаура Енепияева.

Сол күні келіншек үстіне ақ футболка және сарафан көйлегін киген екен. Қолында кішкентай сөмке мен пакет болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары