$ 439.43  473.31  4.82

Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді

Шілденің 12-сі Петропавлда православтар христиан әулиелері Петр мен Павел күнін атап өтіп жатыр. Осыған орай қалада Петр мен Павелді еске алуға арналған крест шеруі ұйымдастырылды деп жазады Азаттық.

Православтар таңертең Петр мен Павел соборының алдына жиналып, Коминтерн көшесінен бастап шерулетіп жүрді. Қатысушылар облыс орталығының алты көшесін жүріп өтіп, қаланы сумен аластап шықты.

Мереке күні қалаға Павлодар және Екібастұз епископы Варнава, Көкшетау және Ақмола епископы Серапион да келді.

Петр мен Павелді еске алуға арналған шара әулиелер ғибадатханасының алдында аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруге барлығы 2 мың 500-ден астам адам қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары