Ұлттық бюро орталығы Түркістан облысының 8 тұрғынына іздеу жариялады деп жазады tvk-uko.kz.
Олар: Асқан Мұсабаев, Бигелді Махажанов, Нұрлан Күнгіратов, Нұрғали Төлебаев, Фахратдин Мұсаев, Бақыт Жарқынбеков, Бейбітжан Әмірқұлов және Бегімжан Ишанқұлов.
Оларға жемқорлық бабы бойынша айып тағылып отыр. Бюродағылар осы кісілерді көрсе 98-14-00 нөміріне хабарласуды сұрап отыр. Мәлімет берген адамның аты-жөні құпия сақталады және сыйақы беріледі.