$ 443.44  480.51  4.88

Алматыда су жаңа Lexus көлігін мінген әйел тротуарға шығып, кішкентай балаларды қаға жаздады (ВИДЕО)

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жолда көлігімен жүріп, балаларды қағып кете жаздаған жүргізушінің кім екені анықталып, оған айыппұл салынды деп жазады Tengrinews.kz Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің қызметкерлері осы жағдайға байланысты қажетті шаралар жүргізіп, соның нәтижесінде Алматы тұрғын 1965 жылғы азаматша К. Lexus маркалы көлігін рұқсат етілмеген жерде жүргізгенін анықтады", - деді Алматы ІІД ЖПҚ іздеу бөлімінің басшысы подполковник Ерік Насырбеков. 

Алматы полицейлерінің мәліметінше, жол қозғалысы ережесін бұзу әрекеті 13 шілдеде шамамен сағат 18:30-да Темириязев пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. 

"Жол жүру ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды. Жүргізуші өз кінәсін толығымен мойындады", - деді Насырбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары