$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның Халық артисі дүниеден озды

Қазақстанның халық әртісі, "Отан" орденінің иегері Зәмзәгүл Шәріпова 86 жасында өмірден өтті деп жазады Sputniknews.kz.

Зәмзәгүл Шәріпова 1931 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол Алматының Жоғарғы киноактерлер мектебін бітіріп, "Қазақфильм" киностудиясында және қазақ радиосында еңбек етеді. 1953 жылы М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды. Сол уақыттан бері үзіліссіз осы театрда қызмет еткен актерлік диапазоны кең актриса ұлттық драматургия мен дүниежүзілік классикадан сан қырлы 100-ден аса рөл сомдады.

Шәріпова ұлттық классика мен заманауи драматургияда Әуезовтің "Айман-Шолпанында" Айман, "Қарагөзінде" Қарагөз, Мүсіреповтің "Ақын трагедиясында" Ақтоқты, Мұхамеджановтың "Жат елде" драмасында Ева Браун, Тәжібаевтың "Көңілдестерінде" Дәмеш, Байсейітов пен Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-ай!", "Ой, жігіттер-ай!" комедияларында Нұрсұлу, Жүнісовтің "Ажар мен Ажалында" Ажар, Исабековтің "Әпкесінде" Қамажай, А.Бекбосынның "Соңғы сезімінде" Ана, Буляковтың "Отыз ұлың болғанша…" комедиясында Сәлима рөлдерін сахналады.

Ал әлемдік классика мен заманауи драматургияда Шекспирдің "Отеллосында" Дездемона, "Ричард Ш"-де Королева, Горькийдің "Күннен туғандарында" Елена, Дельмардың "Өкінішті өмірінде" Анита, Зориннің "Варшава әуендерінде" Гелена, Метерлинктің "Соқырларында" Соқыр әйел, тағы да басқа көптеген рөл орындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары