Ақтөбе облысының тумасы өз жұмысынан тыс қосымша табыс табу үшін жас жезөкшелерге жеңгетай болған деп жазады «Тumba.kz».
43 жастағы Л есімді әйел Приморск ауылындағы моншада жұмыс істеген. Алайда, ол қосымша табыс табу үшін, моншаға келетін клиенттерге жас жезөкше шақырумен айналысыпты.
Жезөкшелерді шақыру үшін әйел оларға «кешір» деген хабарлама жіберіп отырған. Ол ешкім білмесін деген оймен осылайша полициядан қорғаныпты.
Алайда, полиция қызметкерлері әйелдің былығынан хабардар болып, оны жұмыс барысында ұстайды. Жеңгетай бір клиентке 6000 теңгеге екі жезөкше шақырған.
Әйелдің үстінен жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық әрекеті үшін ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
«Айыпталушы кінәсін толығымен мойнына алды. Соттан өзіне ауыр жаза бермеуін сұрады. Әйелді бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты», – дейді судья Марет Ковраева.