37 жастағы ер адам қазіргі уақытта қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр деп жазады pavlodarnews.kz.
Instagram қолданушылары @kolesa_pavlodara парақшасыныда Hyundai көлігінің жағажайда шығып кеткені жайлы ақпарат тарата бастаған. Хабарламада жазылған куәгерлердің сөзінше ер адам тамырын кесу арқылы өзіне қол жұмсаған.
Болған оқиғаны облыстық денсаулықсақтау басқармасында растады.
«Кеше №1 қалалық аурухананың травматология бөліміне бұғанасы кесілген 37 жастағы ер адам түсті. Ер азамат жақын туысқандарымен ұрысып қалыпты», – деді ведомствоның баспасөз қызметінде.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда ер адамның жағдайы жақсы, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.