$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай облысында 19 жастағы жасөспірімді өлтіріп кетті

Қостанай облысында орман алабынан 19 жастағы жасөспірімнің өлі денесі табылды деп жазады alau.kz.

Қостанай-Меңдіқара жолына 17 шақырым қашықтықта орналасқан орман алабынан Қамысты ауданының тұрғыны болып келетін 19 жастағы жігіттің өлі денесі табылды. Оны қылмыскерлер азаптап өлтірген.

«Қылмыскерлерді іздестіру барысында 49 және 30 жас аралығындағы екі күдікті ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амаладары жүргізілуде», – деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Болған оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 99 бабы бойынша (кісі өлтіру) күдіктілердің үстінен ісі қозғалып, олар қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары