$ 494.87  520.65  4.91

10 күн бұрын үйленген: Мыжылып қалған экскаватордан құтқарылған жігіттің екі аяғын кесіп тастады

Дәрігерлер Алтынтау Көкшетау карьерінің аумағында тастың астында қалған 25 жастағы Мадияр Төлеубековтың екі аяғын да кесіп тастауға мәжбүр болды. Шаңырақ құрғанына небәрі он күн ғана болған азаматты экскаватор айдап жүргенінде үлкен тас басып қалған. Осы жағдайға қатысты Алтын өндіру кәсіпорнында ресми тергеу жұмыстары басталды деп жазады Stan.kz.

«Бізге дәрігерлер Мадиярдың екі аяғын да кесуге тура келетінін айтты. Әрине, одан басқа шаралары жоқ. Себебі, біздің бала 12 сағат бойы сол үйіндінің астында жатқан», – деді әйел көзіне жас алып.

Ақмола облыстық ауруханасы да Мадиярдың аяғына жасалған ота туралы ақпаратты растады.

«Науқастың көрсеткіштері бойынша екі аяғының төменгі бөлігі кесілді. Ол бізге «созылмалы қысу синдромы, травматикалық шок» диагнозымен келді. Көрсеткіштерге байланысты оның аяғы кесілді. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр және қарқынды терапия алуды жалғастыруда», – деді аурухана бас дәрігерінің орынбасары Алма Раева.

Ал, «Алтынтау Көкшетау» компаниясы алтын өндіру кезінде зардап шеккен қызметкерге барлық қажетті материалдық көмек көрсетілетінін айтты.

«Мен бұл туралы кеше білдім. Бұл қорқынышты қайғылы жағдай бәріміз үшін ортақ қайғы болып отыр. Оған қандай жәрдем көрсетілетінін әзірше нақты айта алмаймын. Дүйсенбі күні анық-қанығын біліп, түсіндіріп өтемін. Бірақ осындай жағдайларда төленетін барлық өтемдер міндетті түрде толық төленеді. Емдеуге байланысты барлық шығынды өз мойнымызға аламыз. Және біз жауапкершіліктен бас тартуымыз мүмкін деген әңгіме жоқ», – деді қоғаммен байланыс жөніндегі аға маман Айгүл Тақбүренова.

Ал, компания өз қызметкерінің мүгедек болып қалғандығына өздерін кінәлі сезінеді ме? Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушің аяғын кесу туралы көрсеткіш оның шамамен 12 сағат бойы ауыр заттың астында жатқанын көрсеткен.

«Мадиярды құтқару үшін көп уақыт қажет болды. Сол уақытта оның жанында ағасы болды және ол оның денсаулығы туралы білді. Оған құлаған тас үлкен болғандықтан оны шығару қиынға соқты. Себебі, қызметкерді басып қалған тасты дұрыс қозғамаса ол оны басып қалып, өлтіріп жіберуі мүмкін еді», – деді Айгүл Такбуренова.

Ол сондай-ақ, «Алтынтау Көкшетау» кәсіпорны «Казцинк» компаниялар тобында әрқашан қауіпсіздік жүйелерін сақтаудан бірінші орында тұрғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары