Шығыста жаңбыр және суық, батыста ыстық. Синоптиктер 2018 жылдың 26-28 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.
«Солтүстік өңірлерде өткінші жаңбырларға қарамастан, ауа температурасының күндіз плюс 25-35 градусқа дейін көтерілуі күтіледі, ол Иран аудандарынан келетін жылы ауа массасымен байланысты, республиканың оңтүстік-батысында сынап бағанасы плюс 40...42 градусқа дейін көтеріледі», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның шығыс бөлігінде циклонның жоғары жырасы өзінің ықпалын сақтайды, онымен бірге салқын және ылғалды ауа келеді, ол өткінші жаңбыр, бұршақ жаууын, желдің дауылды күшеюін және ауа температурасының ауытқуын тудырады.
Дереккөз: Tengrinews.kz