$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда Тереньтевтің қызметінен кетуін талап еткен борышкерлерді полицейлер күштеп алып кетті (ВИДЕО)

Алматыда 200-ге жуық үлескер ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын қорғау және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Александр Тереньтевтің қызметтен кетуін талап етті. Олар тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың ойдағыдай жүзеге аспай жатқанына наразы. Оқиға орнынан Азаттық тілшісі тікелей хабар таратты.

Үлескерлер Алматыдағы Ұлттық Банк басқармасының алдына жиналды.

«Бұлар ешқашан біздің жағдайымызды оң шешпейді. Қараңыздар қаншама адам келіп отыр», - деген борышкерлердің бірі Тереньтевтің отставкаға келуін талап кетті.

Александр Тереньтев көптің қойып отырған талабына ештеңе деп айта алмайтынын жеткізді. Ал борышкерлер мәселесі қаралып жатқанын, тіпті біразының проблемасын шешіп бергенін айтты. Жиналғандар болса, «оның айтып отырғаны шындыққа келмейді» деп сөзін бөліп тастады.

Банк басшысы мекемеге кіріп кеткеннен кейін 5 минуттан соң оннан астам адамды полицейлер күштеп автобусқа тиеп алып кетті. Құқық қорғаушылар оларды Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына апаратынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары