$ 494.87  520.65  4.91

Кірген сәттен бастап 100 теңге: Астана әуежайында автотұрақ тарифі өзгерді

Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында автотұрақ тарифі өзгерді. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл – Астана әуежайындағы кезек. Жүргізушілер «30 минут тегін тұрдық», – деп шығуға беттегенде ғана берешек екендіктерін бірақ білген. Себебі жауапты мекеме 21 шілдеден бастап тарифтердің өзгергенін ескертпеген. Бірақ бүгін жауаптылар тілшілерді жинап, мән-жайды түсіндірді. Олардың айтуынша, 21-нен бастап әуежай аумағында жолаушыларды жеткізу, алып кету үшін арнайы жолақ ашылған.

Онда жүршізушілерге 15 минутқа дейін тегін тұруға рұқсат бар. Одан артық аялдасаңыз, сағатына 1000 теңгеден төлейсіз. Ал негізгі автотұрақта бір сағат тұрғаныңыз үшін – 100 теңге. Ал 10 сағаттан 24 сағатқа дейін – 1000 теңге. Әрбір келесі тәулікке 500 теңгеден есептеледі.

«Тарифтердің өзгергеніне қарсылығым жоқ. Әлемнің дамыған елдері мұндай жүйемен жұмыс істейді. Бір сағат ортақ автотұрақта тұрғаным үшін 100 теңге төлеймін. Бұл әуежай аумағында кептілісте тұрғаннан артық деп оймаймын», - дейді қала тұрғыныАзамат Хайролин.

Біз өзге де жүргізушілермен тілдесуге тырыстық. Бірақ біразы «уақытым жоқ» деген желеумен бас тартты. Өйткені сөйлесіп тұруға шектеулі 15 минут жетпей қалуы мүмкін. Ал жауаптылардың айтуынша, мұндай жүйе дамыған елдерде әлдеқашан жұмыс істеп тұр.


«Жүргізушілер көліктерін тыйым салынған жерге қойып кетеді. Салдарынан көлік кептілісі пайда болады. Біз осындай келеңсіздікті жою үшін қосымша жолақты іске қостық. Бұрын әр сағатына 300 теңге болса, қазір 200 теңгеге дейін азайды. Сәйкесінше, кірістер де төмендеді. Біздің болжамымыз бойынша, екі күнде 20, 30 пайызға дейін төмендеді», - дейді «Астана LRT» ЖШС департамент директоры Николай Антипов.


Мамандар әуежай аумағына кірген көліктер санын бақылап көрген. 8 сағаттың ішінде жалпы автотұраққа 5 мыңға жуық көлік кірсе, арнайы жолақ арқылы 700-ге жуық жүргізуші өткен.

Дастан Сәмен, Тауар нарықтарындағы монополияға қатысты заңнаманы бұзу бөлімінің басшысы: – 15 минут шығарып салу, күтіп алуға жеткілікті деп ойлаймын. Егер тергеу жұмыстары ашылса, 3 ай қаралады. Егер тергеу жұмыстарына дейін ешқандай құқық бұзушылық қарастырмасақ, ешқандай шаралар қолданбаймыз.

Сонымен әуежай аумағында 4 жолақ бар. Оның біріншісі VIP жолаушыларға арналған. Екіншісі – арнайы такси қызметі. Үшіншісімен қоғамдық көліктер қозғалады. Ал арнайы жол желісіне Қабанбай батыр даңғылымен 6 шлагбаум арқылы кіруге болады. Шығарда 5 шлагбаум арқылы өтеді. Автотұрақ ақысын шығар жердегі 3 паркоматтан немесе, Т1, Т2 терминалында орналасқан құрылғы арқылы төлеуге болады.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Асхат Қарақойшиев, Ғани Алшынбаев

Дереккөз: 24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары