Жаңаөзенде жеңіл автокөлік пен жол талғамайтын көлік бір-біріне соқтығысып, 5 адам қаза болды. Ал біреуі жараланған деп жазады «Мой город».
Жантүршігерлік жол апаты Жаңаөзенде 26 шілде күні сағат таңғы 04.00-тер шамасында орын алған. Жол апаты салдарынан 5 адам мерт болды.
«Науқас жол апатынан бірнеше жерінен жарақат алған. Бауырында жырық бар. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр», – дейді Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының дәрігері.
Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің забарлауынша, қазіргі уақытта жол апатына байланысты ҚР ҚК-тің «Жол ережесін бұзу» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.