28.07.2018, 04:05

Алматы облысында кілем жуамын деп суға ағып кеткен әйелдің денесі табылды

Алматы облысында кілем жуамын деп суға ағып кеткен 32 жастағы әйелдің денесі 4 күннен кейін табылды деп жазады Newtimes.kz.

Іздестіру шараларына Төтенше жағдайлар қызметінің Республикалық және облыстық жедел құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Сондай-ақ, полиция, волонтерлер, өрт сөндірушілер де атсалысты.

"27 шілде күні сағат 17.55-те Алматы қаласы маңында оқиға орнынан 30 шақырым жерде әйелдің өлі денесі табылды. 23 шілдеде Еңбекшіқазақ ауданында кілем жуып отырған сәтте Үлкен Алматы каналына құлап түскен", - деді Р.Иманқұлов.

Оқиға кезінде әйелдің қасында күйеуі болған. Өкінішке орай, әйелін құтқарып қала алмаған. Әйел жүзуді білмеген.

Еске салсақ, Астанада да кілем жуған әйел екі қызымен суға батып кеткен болатын.