«Алтынтау Көкшетаудағы» экскаватор жүргізушісі бүгін түнде қайтыс болды.
Бұл туралы BNews.kz порталы жазады.
«Мадияр бүгін түнде қайтыс болды. Түнгі сағат 23:00 шамасында жүрегі тоқтап қалды», – марқұмның тәтесі Ақыл Нұрмағамбетова.
Дәрігерлер аталған ақпаратты растады.
«Пациент жан сақтау бөлімінде алған жарақаты салдарынан қайтыс болды», – дейді Ақмола облыстық ауруханасының мамандандырылған бөлімінің басшысы Дмитрий Чайков.
Марқұмның артында әйелі қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Шаңырақ құрғанына небәрі он күн ғана болған 25 жастағы Мадияр Төлеубековты экскаватор айдап жүргенінде үлкен тас басып қалған. 12 сағат бойы сол үйіндінің астында жатқан жігіт соның салдарынан екі аяғынан айырылды.