Бейнеу ауданында мейрамхана өртеніп кетті деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар қызметі. Бұл туралы Lada.kz жазады.
Оқиға 29 шілде күні кешкі уақытта Бейнеу ауданындағы Ерқосай көшесінде болған. Жалын туралы хабар өрт сөндіру қызметіне сағат 21:17 де келіп түскен.
Өрттің аумағы 680 шаршы метрді құрайды, зардап шеккендер жоқ. Жалынды сөндіру үшін үш техника жұмылдырылған.
Сол күні мейрамханада үйлену тойы өтіп жатқан. Куәгерлердің айтуынша, өрт тойда атқан отшашудан шығыпты.