$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда 150 адам кешеден бері Анталияға ұша алмай отыр

Ақтауда ұшақ бұзылып, 1 тәуліктен бері 140-тан астам адам Анталияға ұша алмай отыр деп хабарлайды Sunkar Air әуе компаниясы.

Белгіленген кесте бойынша Sunkar Air әуе компаниясының рейсі Ақтаудан Анталияға кеше таңертең сағат 07:00-де ұшуы тиіс болған.

«Әуе компаниясы рейсті бірнеше рет кейінге шегерді. Компания өкілдері келіп, мән-жайды түсіндірмей, қашан ұша алатынымызды айтпай отыр. Әуежайда босқа отырмыз. 150 адам бар, оның 40-ы балалар», - дейді жолаушылардың бірі.

Sunkar Air әуе компаниясының директоры Талғат Жолдыбаев рейстің техникалық себептерге байланысты кешігіп отырғанын айтады.

«Ұшақ бортындағы компьютер бұзылған. Жылдам тапсырыс беріп, жаңасын алдырдық. Бірақ ол да дұрыс болмай шықты.

Жолаушыларды Алматыдан Малеге баратын басқа ұшақпен жеткіземіз. Олар Анталияға бүгін сағат 22:00-де сол ұшақпен ұшады. Бәріне өтемақы төленеді. Анталия қонақүйлеріндегі қосымша бір күнінің ақысын төйлейміз. Келесі апта сейсенбі қайтуы тиіс жолаушыларды сәрсенбі алып қайтамыз», - дейді Жолдыбаев.

Дереккөз: Lada.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары