Порнографиялық сайтқа кіргені үшін алаяқтарға айыппұл төлегенін айтып бойжеткен полиция бөлімшесіне арызданды деп жазады Sputniknews.kz.
Маусым айының соңында астаналық ару өз смартфонынан интернетте белгісіз сілтемеге кірген. Алайда, телефон экранына порно-сайттарға кіргені үшін Qiwi-кошелекке айыппұл төлейтіні туралы хабарлама шыққан. Бұл жалған хабарламаға сеніп қалған бойжеткен сондағы көрсетілген нөмірге ақша аударған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.