02.08.2018, 11:26

«Анасымен ұрсысып, үйінен кетіп қалған»: Қарағандыда 13 жасар қызға іздеу салды

13 жасар Айгерім Аман 1 тамыз күні үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған деп жазады Newtimes.kz.

«Ол анасымен ұрсысып қалған. Сөйтіп 1 тамыз күні Михайлов ауданында орналасқан үйден шығып кеткен. Дене бітімі арық қыз және шашы ұзын», – деп хабарлады Rina.kz волонтерлер қозғалысы.

Қыздың ата-анасы полиция бөлімшесіне хабарлаған.