$ 439.43  473.31  4.82

Шымкент пен Атырауда полицейлер ұсталды

Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Шымкентте Арнайы прокуратура мен ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері біреудің мүлкін жымқыру бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында қалалық ІІД қызметкерін ұстады.

Сондай-ақ, Атырауда жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері, ҰҚКД және ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірігіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары аясында балық өнімдерін шығарумен заңсыз айналысқандарға қолдау көрсетті деген күдікпен облыстық ІІД қызметкерін ұстады.

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары