$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада жұмыс орнында үш сағат болмаған шенеунік жұмыстан қуылды

Қызылорда облысында жылдың басынан бері бес мемлекеттік қызметкер теріс себептер бойынша қызметінен босатылды деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәслихаты барысында департамент жетекшісі Абзал Мұхимов сыбайлас жемқорлықпен екі қызметкер, тәртiптiк құқық бұзушылықпен екі қызметкер, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіргені үшін, тағы біреуі жұмыс орнында себепсіз үш сағат бойы жоқ болғандықтан босатылғанын айтты.

Алдыңғы жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандардың саны 3,5 есеге төмендеген.

Жылдың басынан бері мемлекеттік қызметтен өз еркімен 48 адам кетіп, оның ішінде шенеуніктердің басшылық құрамынан 14 адам кетті. Облыстағы мемлекеттік қызметкерлер саны 3 737 болса, ал қызметкерлердің нақты саны - 3 588.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары