$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында көкек ана үш күн бұрын туған сәбиін тастап кеткен

Түркістан облысында жаяу жүргіншілер жол жиегіндегі спорттық сөмкеден жаңа туған нәрестені тауып алды деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

Шақалақ аптап ыстықта аузы жабық сөмкеде төрт сағатқа жуық болған, тұншығып өлуге шақ қалыпты. Тастандыны тауып алған әйелдің айтуынша, қыз бала әуелде қып-қызыл болып, қимыл-қозғалыссыз жатқан.

Қазір сәби балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер қыздың туғанына бар-жоғы үш күн болғанын анықтады, оған Айым деген есім беріпті.

Өңір полициясы көкек ананы іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары