07.08.2018, 08:59

Қапшағайда мүгедек әйелді қорлаған баланы полиция іздестіріп жатыр (ВИДЕО)

Алматы облысы ІІД қызметкері аялдамада әйелді қорлап жатқан баланың видеосына қатысты пікірін білдірді деп хабаралайды Tengrinews.kz.

Ведомстводағылар баланы іздестіріп жатқанын хабарлады.

«Қазіргі таңда баланы іздестіру шарасы жүріп жатыр. Оған ювенал полициясы, қоғам мен білім беру өкілдері қосылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша ата-ананың немесе басқа заңды өкілдерінің кәмелет жасына толмаған балаларды тәрбиелеу және үйрету жөніндегі жауапкершілігін орындамағаны үшін жауапқа тартылу қарастырылған», - деп хабарлады Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнева.