$ 498.34  519.72  4.85

Емші шал 12 жасар қызды үңгірге қамап, 15 жыл бойы зорлап келген

Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында егде жастағы бақсы, әрі халық емшісі 12 жасында жоғалып кеткен қызды 15 жыл бойы үңгірде секс-құлдықта ұстаған. 12 жасында жоғалып кетіп, осы уақытқа дейін бақсының қорлығын көрген 28 жастағы қыз жексенбі күні құлдықтан құтқарылды деп жазады Stan.kz.

Егде жастағы бақсы жоғалып кеткен қызды 15 жыл бойы үңгірде секс-құлдықта ұстаған.

Жәбірленуші 15 жыл бойы 83 жастағы ешмінің үйінде түнеп келген.

Ер адам тұтқындағы қызға Амрин есімді жас жігіттің суретін көрсеткен, ал жәбірленуші болса оны өзінің жігіті деп ойлаған. Осылайша, егде жастағы бақсы денесіне Амриннің рухы енгенін айтып, немересіндей қызды жыныстық қатынысқа түсуге мәжбүрлеген.

«Әлбетте, ол осылайша өз қалауын қанағаттандырған», – деді полиция басшысы.


Бақсы да 2008 жылдан бері қызбен жыныстық қатынаста болғанын мойындады. Полицияның хабарлауынша, жәбірленушінің әпкесі сіңлісінің жақын маңда жүргенін көршілеріне айтқан. Осыдан кейін полицейлер қызды іздестіріп, оны үңгірден тауып алды. Сондай-ақ,

жоғалған қыздың әпкесі бақсының келіні болған және сіңлісінің қайда екенін біліп, қайынатасына жақтасып, үндемеген.

Қызды 15 жыл бойы құлдықта ұстаған емші оның жоғалуын ата-анасына басқаша түсіндірген. Ол жәбірленушінің отбасына қыздары Джакартаға жұмыс істеуге кетіп қалды деп айтқан.

Жәбірленушінің ата-анасы бастапқыда қыздарын емдету үшін осы емшіге алып келген екен. Ер адам сол уақыттың өзінде арам пиғылын жүзеге асыруды көздеген көрінеді. Бүгінде оның қылмысы әшкереленіп, қамауға алынды. Енді ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары