$ 439.43  473.31  4.82

Қостанай облысында үш жұмысшы құдық ішінде қаза тапты

Қостанай облысында үш жұмысшы құдық ішінде қаза тапты деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Бақытжан Макеев растады. Оқыс оқиға Алтынсарин ауданында болған.

 «Теміржолсу Қостанай» ЖШС үш жұмысшысының денелері құдық түбінен табылды. Олар Қарғалы стансасындағы су сорғыш мұнарадағы құбырды жөндеуге шыққан. Жұмыс барысында олар құдыққа түсуге тиіс болған. Кісі өлімінің нақты себептерін әзірге айта алмаймыз. Марқұмдар газға уланып қалуы ықтимал. Нақты себептер тексеру шараларынан соң белгілі болады»,- деді Б. Макеев. 

Белгілі болғандай, олармен бірге құдыққа түскен төртінші жұмысшы ауруханада жатыр. Қазір оның жағдайы бірқалыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары