Көпқабаты үйдің бесінші қабатынан алты жасар қыз құлап кетті деп жазады zhambylnews.kz. Қайғылы жағдай Тараз ықшамаудандарының бірінде болған.
«Ата-ананың қарауынсыз қалған 2012 жылғы қыз бесінші қабаттан құлап қайтыс болды», – делінген Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Қыз өте ауыр халде Жамбыл облысының балалар ауруханасына жеткізіліпті. Алайда, алған жарақатының тым ауыр болуынан бала жарты сағат ішінде көз жұмды.