10.08.2018, 10:42

Таразда 6 жасар қыз терезеден құлап көз жұмды

Көпқабаты үйдің бесінші қабатынан алты жасар қыз құлап кетті деп жазады zhambylnews.kz. Қайғылы жағдай Тараз ықшамаудандарының бірінде болған.

«Ата-ананың қарауынсыз қалған 2012 жылғы қыз бесінші қабаттан құлап қайтыс болды», – делінген Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Қыз өте ауыр халде Жамбыл облысының балалар ауруханасына жеткізіліпті. Алайда, алған жарақатының тым ауыр болуынан бала жарты сағат ішінде көз жұмды.