Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімі Қуат Тумабаевқа жұмыстан кетуді ұсынды деп хабарлайды YK-News.kz.
Мұндай ұсынысты Даниал Ахметов облыс әкімдігінің отырысы кезінде мәлімдеді.
«Меніңше, Қуат Тумабаевтың осындай жоғары лауазымда отыруға моральдық құқығы жоқ. Мен оған өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды ұсындым», - деді Даниал Ахметов.
Айта кетейік, Қуат Тумабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды.
Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан ер адам қаза тапқан еді.
Осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің этика жөніндегі кеңесінде Тумабаевтың қызметіне толықтай сәйкес еместігін мәлімдеген еді.
Ерғұлан келіншегін Түркістан қаласынан алып келді.
«Жолдасыммен танысқаныма бір жылдан асты. Телефонмен сөйлесіп жүрдік. Тағдырдың өзі қосқан шығар, бүгін бас қосып жатырмыз. Оған «мәңгі бірге боламын» деп уәде бердім. Алладан бақыт сұраймын. Ол кісі алғаш ұсыныс жасағанда сенген жоқпын. Шымкент қаласында кездескенімізде ұсыныс жасады. Бірден келістім. Мені де сүйетін адам бар екен-ау деп ойладым. Бақыттымын», - дейді Зибагүл Әбенова.
Дереккөз: Tengrinews.kz