Дәрігерлер ағаш астында қалған әйелдің жағдайын айтты.
11 тамызда әйел адам ауруханаға түсті. Жағдайы орташа ауыр қалыпта деп бағаланды.
«Науқас бас-ми жарақатын алған, бас сүйегі сынған. Дәрігерлер оның сынған қолын салды», – дейді травмотология бөлімінің жетекшісі Берік Ерғалиев.
Науқас қазір стационарлық ем алып жатыр.
Оқиға Құрманғазы-Қонаев көшесінің қиылысында болды. Ағаш көлікті басып қалып, жолаушылар зардап шеккен еді.
Шілде айында да осыған ұқсас оқиға болған еді. Алматыдағы Құлжа тасжолында ағаш құлап, екі адам мерт болған.
Дереккөз: Stan.kz