$ 495.2  522.34  4.94

Алматыдағы студенттің өліміне қатысы бар деген күдікті ұсталды

Алматыда биыл ғана мектеп бітіріп, университетке түскен жас жігіттің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды деп хабарлайды Алматы қалалық ІІБ баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Әуезов ауданының ІІБ бөлімінде қылмыстық белгілер бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр. Аталған қылмыс бойынша 2002 жылғы А. есімді азамат ұсталып, ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, ол қылмысты жасағанын мойындады.

Жедел тергеу тобы құрылып, қылмысқа қатысы бар басқа да азаматтарды табу шаралары жүргізілуде. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Естеріңізге салсақ, қайтыс болған түлек «Ақсай» университет клиникасындағы бас дәрігердің орынбасарының ұлы болатын.

Дереккөз: Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары