$ 498.34  519.72  4.85

7 жасар баланың қорғаушысы: Оқушының зорланғаны расталды

Түркістан облысы Абай ауылының 7 жасар тұрғынының ресми өкілі Құрманғазы Мусир директордың, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушінің және мектеп психологтарының, сондай-ақ, тергеушілердің үстінен сотқа арызданатынын мәлімдеді деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.

«Біз басынан-ақ зорлау дерегі растала ма, жоқ па - соны күттік. Барлығы расталды. Енді прокуратура мен мектеп директорына, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушіге және психологтарға арыздануды жоспарлап отырмыз», - деді баланың ресми өкілі.

Оның айтуынша, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кінәсі салдарынан атышулы іске қатысты тергеу жұмыстары жайлы мектеп мұғалімдері мен осы жағдайға қызығушылық танытып жүргендерге айтылған.

«Басқаша айтқан олар тергеу жайлы біліп отырды. Мәліметтің жайылып кеткені сөзсіз», - дейді ол.

Айта кетейік, қазіргі уақытта зардап шеккен бала анасымен бірге Алматыда. Мұның алдында Абай ауылында зорланған балаға қатысты істің тоқтатылғаны хабарланған еді. Осы іс бойынша 14 кешенді сот сараптамасы мен 4 түрлі зерттеу жүргізілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары