Алматыда жолдың қақ ортасында автокөлік аударылып қалды деп жазады ҚазАқпарат.
Көлік апаты Əл-Фараби көшесінің бойында Желтоқсан мен Сейфуллин көшелерінің тұсында болған. Батысқа бет алған BMW көлігі асфальттің бойында төңкеріліп қалған.
Аударылған көлік жүргізушісінің сөзінше, онымен қатар келе жатқан белгісіз бір көлік бағытын жоғалтып, тайғанай бастаған. Нәтижесінде BMW жүргізушісі рульге ие бола алмай бордюрге соғылып, аударылды.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Полиция көлік апатының мән-жайын анықтап жатыр.