$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде автобус аялдамасы әйелдің үстіне құлады

Ақтөбеде автобус аялдамасы 49 жастағы әйелдің үстіне құлады. Дұрыс тұрғызылмаған аялдама тұрғынның омыртқасын сындырған деп хабарлайды 31-арна.

«Мен автобус күтіп отырғанмын. Үстіме құлады. Сондықтан омыртқам сынған шығар. Белім қатты ауырады және көп жерлерімде қан ұйып қалған», – дейді Сәния Сафина.

Қазір аялдаманың орны бос. Алынып тасталған. Куәгерлердің айтуынша, оны оқиға болғаннан кейін бірден жоқ қылған. Сәния Сафинаның жанында сол күні 19 және 9 жастағы екі ұлы болған.

Сәния әлі 2 ай ауруханада ем алуы тиіс. Онда да омыртқасының қалпына келуі екіталай. Жалғызбасты ана енді 2 ай бойы балаларыма кім бас-көз болады деп уайымдап отыр. Ал шенеуніктер болса бұл сұраққа жауап беруге әлі дайын емес. Көлік басқармасы да үнсіз отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары