Қапшағайдағы аялдамалардың бірінде мүгедек әйелді қорлаған баланың анасына айыппұл салынды деп жазады Bnews.kz.
«Қапшағайда мүгедек әйелді қорлаған баланың анасы 7 және 20 АЕК аралығында айыппұл төлейді. Және екінші баланың да кім екені анықталды. Ол басқа қаладан қонаққа келген. Әйелге теріс әрекеттер жасаманғы үшін оны жауапқа тарта алмаймыз», - дейді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.
Айта кетейік, бұған дейін аялдамада мүгедек әйелді қорлаған екі баланың видеосы жарияланған болатын. 9 тамыз күні олардың кім екені анықталған.