Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында полицейлер әйел адамды күштеп алып кетті. Олардың видеосы Instagram-парақшасындағы Qazaqstanda тобында жарияланған.
Видео авторы кадр сыртында «Қашып бара жатыр. Қашпаңдар. Қайда бара жатырсыңдар? Облыс әкіміне арыз жазамын» деп жол-патрульдік полициясының көлігіне аяңдайды.
Автокөлік ішінде отырған 50 жас шамасындағы әйел өзін құқық қорғаушылардың күштеп алып бара жатқанын айтады.
«Бет-аузымды көгертті. Маған қоқан лоқы жасады. Жұмыс істегенімізге кінәліміз бе сонда?», - деп ол видеоны желіге таратуын сұрайды.