$ 443.35  475.54  4.82

Маңғыстау облысында болған жол апатынан 4 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Ақтау-Жетібай тас жолында болған жол апатынан бір әйел және үш ер кісі зардап шекті деп жазады Lada.kz

Оқиға 15 тамыз күні сағат күндізгі 11.00 шамасында болған.

«Жетібай аудандық орталық ауруханасына жол апатынан жарақат алған 4 адам жеткізілді. Медициналық көмек көрсетуден кейін екі ер азамат үйіне қайтарылды. Ал иық және қабырғасы сынған әйел мен жамбасы сынған ер азамат травматологиялық бөліміне жатқызылған», – деді Маңғыстау облыстық ауруханасындағылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары