$ 449.58  486.94  4.86

Өскемен әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Қуат Тумабаев өз еркімен Өскемен әкімі қызметінен кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«13 тамызда Өскемен әкімі Тумабаев қызметінен кететіні жайлы арыз жазды. Өскемен қаласы әкімінің қызметінен кетуі ҚР Президентінің 2002 жылдың 29 наурызындағы №828 жарлыққа сәйкес келеді», - деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Ведомство мәліметінше, қала әкімінің орынбасары Булавкина Ольга Александровна ШҚО облыс орталығы әкімінің міндетін уақытша атқарады.

Мұның алдында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімі Қуат Тумабаевқа жұмыстан кетуді ұсынған болатын. «Меніңше, Қуат Тумабаевтың осындай жоғары лауазымда отыруға моральдық құқығы жоқ. Мен оған өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды ұсындым», - деген еді Даниал Ахметов.

Еске сала кетейік, Қуат Тумабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды. Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан ер адам қаза тапқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары