$ 447.4  477.55  4.76

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана нөсер жауынға дайын емес

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев нөсер жаңбырдан кейін Астананың кей тұстарын су алып кетуге қатысты шұғыл шаралар қабылдауды талап етті деп жазады ҚазАқпарат.

«Президенттің тапсырмасына қарамастан, Астана нөсер жаңбырға және басқа да табиғи құбылыстарына ұдайы дайын емес. Содан Астана тұрғындары зардап шегуде және оның халықаралық абыройына нұқсан келуде. Бұл мәселені елорданың 20 жылдығына дейін шешу керек еді. Сенаторлар шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында.

Айта кетерлігі, қала әкімдігінің мәліметінше Астанада 20 тамыздан 21-іне қараған түні жаңбырдың бір айлық мөлшері жауған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары