Түркіменстанда жыл сайын өтетін мұғалімдер кеңесінде әрбіріне жеке ноутбуктер мен компьютерлер сатып алуды міндеттеген.
"Барлық мұғалімдерге ноутбук сатып алуды тапсырды. Тіптен олардан 1 қыркүйекке дейін сатып алып, қолдануды үйрену жөнінде қолхат алған", - деп хабарлайды Азатлык тілшісі.
Ашхабадта жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін мұғалімдер кеңесіне облыс, аймақтардан мұғалімдер келіп, тәжірибе алмасады. Олар бұл жиынға өз қаржысымен келеді, мемлекет тарапынан ешқандай өтемақы төленбейді.
Ал Азатлыкқа шағымданған мұғалімдер, айлықтары компьютер алмақ түгілі, отбасын асырауға әрең жетеді деп отыр.