25-26 тамыз күндері Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінің алдындағы алаңда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұл жолы елорда тұрғындарына Атырау облысының шаруалары өз өнімдерін ұсынбақ. Атап айтқанда, жәрмеңкеге 12,5 тонна картоп, көкөністер мен бақша дақылдары, 2,5 тона сүт өнімдері жеткізіледі. «Карат» және «Асыл агро» өнеркәсіп орындары 3 тонна консерв өнімдері мен шұжық, «Алмалы құс» компаниясы 60 мың дана жұмыртқа алып келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, атыраулық балықшылар жәрмеңкеде 20 тоннадан астам балық сатады.
Жәрмеңкеде сауда-саттықпен қатар келушілерге арнап концерттік бағдарламалар қойылады.