06.08.2015, 03:31

Қытайлар өте кішкентай кір жуғыш машина жасап шығарды (видео)

http://businessnews.kz/

Қытайдың Haier компаниясы Codo деп аталатын өте кішкентай кір жуғыш машина жасап шығарды деп хабарлайды шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасаған Businessnews.kz.

Ультрадыбысты кір жуғыш машинаның салмағы 200 грамм ғана. Көлемі күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген дезодранттардың көлемімен шамалас. Бағасы 60 доллар.

Бұл құрылғы әлемдегі ең кішкентай кір жуғыш машина болғандықтан, Haier компаниясының өкілдері оны Гиннестің рекордттар кітабына енгізуге талпынып жатыр.

Codo кір жуғыш машинасымен шай, кофе, кетчуп, шарап дақтарын кетіруге болады. Жаңа тауар ресторандар мен кафелерде, дастархан басында отырып қолдана беруге ыңғайлы. Codo дипломатқа, сөмкеге, жұмыс үстеліндегі тартпаға, автокөліктердегі жәшіктерге оп-оңай сыйып кетеді.

Дақтарды кетіру бар-жоғы 30-120 секунд алады. Қарбалас тіршілікте өмір сүріп жатқан жұмысбасты адамдар үшін таптырмайтын техника.

Әлемдегі ең кішкентай кір жуғыш машина ААА типтегі үш батареяның қуатымен жұмыс істейді. Оның қуаты Codo-ны шамамен 50 рет пайдалануға жетеді.