$ 444.14  477.05  4.85

Қырғызстанда мешіт өртеніп, екі адам қаза тапты

Қырғызстандағы Ош облысының Гулбар ауылында мешіт өртеніп оранып, екі адам көз жұмды деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Агенттіктің мәлімдеуінше, келеңсіз жағдай 23 тамыз күні таңғы сағат 7-лер шамасында болған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер сағат 7:50-де тілсіз жаудың бетін қайтарды.

Өрт салдарынан екі ер адам қаза тапқан. Олардың аты-жөні әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары