Түркияда жол апатынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Антальядағы ҚР вице-консулы Нариман Мелдебеков хабарлады.
«Жол апатынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар. Қазіргі кезде біз олардың санын анықтап жатырмыз», - деді ол.
Бұған дейін хабарлағандай, Түркияда автобуспен болған жол-көлік оқиғасында кемінде төрт адам мерт болып, 40-қа жуығы жараланған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар арасында Ресей, Украина және Қазақстан азаматтары болған. Қаза болғандардың ұлты әзірге белгісіз.
ЖКО елдің оңтүстік-батысындағы Денизли қаласы маңында болған.